Жаңалықтар

21.03.2023 (Обновлено: 22.03.2023 17:47)

Михаил Мясникович Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты туған күнімен құттықтады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты туған күнімен құттықтады.

«Жоғары санатты мемлекет қайраткері ретінде Сіз Ұлы Ресейдің дамуына және оның мүдделерін қорғауға үлкен үлес қостыңыз. Сізді Ресейде, Еуразиялық экономикалық Одақ мемлекеттерінде жақсы көреді және Сіздің пікіріңізді бүкіл әлем құрметтейді. Сіз өте тамаша әрі адал адамсыз!», – делінген құттықтау хатында.

ЕЭК Алқасының басшысы Сергей Лавровқа зор денсаулық, амандық және Ресей Федерациясының игілігі үшін одан әрі табысты қызмет етуді тіледі.