Жаңалықтар

19.05.2022 (Обновлено: 27.05.2022 13:14)

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович 19 мамырда Минскіде Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті.

«Өте тыңғылықты әңгіме болды және Еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті мәселелерінің тұтас бір тобы бойынша баяндадым. Александр Григорьевичке интеграцияны тереңдету жөніндегі сондай қызықты, тіпті батыл деп айтуға болатын ұсыныстары үшін өте ризашылықты екенімді білдіремін», — деді Михаил Мясникович журналистерге кездесу қорытындысы бойынша. 

ЕЭК Алқасының Төрағасы белорус мемлекеті басшысының алдағы ЕАЭО саммитінің және Бішкекте өтетін бірінші Еуразиялық экономикалық форумның күн тәртібі жобасында көзделгендерден айтарлықтай кең мәселелерді көтергенін хабарлады. Одақ елдерінің мемлекет басшылары бұл іс-шараларға бейнеконференция форматында қатысады. 

«ЕАЭО 2025 жылдан кейін қандай болуы керек деген перспективалық мәселелерге көп назар аударылды. Себебі бізде ЕАЭО-ны 2025 жылға дейінгі дамыту стратегиясы іске қосылған, оны 2020 жылғы желтоқсанда мемлекеттер басшылары бекітті. Ал 2025 жылдан кейінгі... Бұл орайдағы әрине инвестициялық ынтымақтастыққа, бірлескен трансеуразиялық компаниялар құруға байланысты мәселелер. Бірінші кезекте, ішкі нарықта өзін барынша сенімді сезінетін және әлемдік нарықта сұранысты тауарларды өндіретін Ресей-Беларусь байланыстары. Міне осы ретте Александр Григорьевич даму институттарына қатысты өте қызықты да сындарлы ұсынымдарын тұжырымдады. Бұл тек Еуразиялық даму банкі, Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры ғана емес», — деп мәлімдеді Михаил Мясникович.

«Және, әрине ішкі көздер. Қазіргі, жаңа жобаларды құруды өте елеулі инвестициялау қажет нақ сол уақыттағы, басқа елдердің бейдостықты мінез-құлқы. Бірінші кезекте импорт алмастырудағы. Бұл мәселелердің бәрін мен одан әрі пысықтау үшін қабылдап алдым. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында өте байсалды әңгіме болатыны сөзсіз», — деді ЕЭК Алқасының Төрағасы.

Сондай-ақ импорттық баждарды бөлу мәселері талқыланды. «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес баждар ұлттық валюталарда жиналады.Кейін ыдыратылады, ұлттық банкке беріледі, ол долларға айырбастайды және басқа мемлекеттердің қазаншылығына бөлудің өзі доллар арқылы жүреді», — деп түсіндірді Михаил Мясникович.

«Қазір уақытша келісімге қол қойылды, ол бойынша Беларусь пен Ресей ресейлік рубль базасында жұмыс істейді. Ал Армения, Қазақстан және Қырғызстан өз арасында валюталық есептесудің ескі схемасын, ал бізбен ресейлік рубль базасын қолданады. Осы орайда ЖЕЭК отырысында есеп айырысудың қазіргі заманғы әлдебір моделі мен схемасы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізуге қатысты өте қызықты мәселе қаралатын болады», — деп мәлімдеді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы.

Михаил Мясникович атап өткендей, Александр Лукашенко бұл орайдағы өз пайымдауларын білдірді, олардың практикада пайдаланылатыны сөзсіз. «Қалған уақытта мемлекеттер басшыларының қарауына ұсынылатын белгілі бір құжаттардың жобаларын әлі де туралап-түзету керек болады», — деп сөзін толықтырды Михаил Мясникович.