Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақ күнімен құттықтады.
Бұл мереке 2022 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен белгіленіп, 2014 жылғы 29 мамырда ЕАЭО туралы шартқа қол қойылуына орайластырылған.
Өткен 12 жыл ішінде көпжақты форматта өзара іс-қимылдың тиімді интеграциялық моделі қалыптастырылып, экономикалық бірлестіктің беріктігі мен өміршеңдігі қамтамасыз етілді, сондай-ақ қазіргі жаһандық үрдістерді ескере отырып, оның дамуы жалғасуда.
Еуразиялық "бестік" елдері арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі экономикада цифрлық технологияларды және жасанды интеллектіні қолдану болып табылады.
"ЕАЭО-ның болашағы – тек цифрлық трансформация ғана емес. Бұл елдеріміздің зияткерлік және технологиялық әлеуетін дамыту болып табылады, ол Одақтың жаһандық цифрлық архитектурадағы позицияларын нығайтады", – деп атап өтті ЕЭК Алқасының Төрағасы.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, қазірдің өзінде Еуразиялық экономикалық одақты әлемдік маңызы бар экономикалық тартылыс полюсі деп атауға болады.