Жаңалықтар

01.01.2022 (Обновлено: 31.01.2022 17:24)

ЕАЭО органдарында төрағалық ету Қырғыз Республикасына ауысты

2022 жыл ішінде Қырғыз Республикасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде төрағалық ететін болады.

Төрағалық ету шеңберінде мамырда Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысын және Еуразиялық экономикалық форумды өткізу, алдын ала дәстүрдегіше тамызда Ыстық көл жағасында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысын, сондай-ақ басқа да сарапшылық іс-шараларды өткізу жоспарланған.

Таяу уақытта Қырғыз Республикасының Президенті, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Төрағасы Садыр Жапаровтың Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері басшыларына арнаған, ЕАЭО органдарындағы Қырғызстан төрағалығының басымдықты бағыттары көрсетілген үндеуі күтілуде.

Анықтама

ЕАЭО туралы шартқа сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде төрағалық етуді ротациялық негізде орыс әліпбиінің ретімен бір мүше мемлекет күнтізбелік бір жыл ішінде ұзарту құқығынсыз жүзеге асырады.