Жаңалықтар

23.05.2023

50-ден астам елдің өкілдері II Еуразиялық экономикалық форумға қатысады

24-25 мамырда Мәскеуде өтетін II Еуразиялық экономикалық форумның іскерлік бағдарламасына билік органдарының, бизнес-қоғамдастықтың, халықаралық ұйымдардың, БАҚ-тың 2700-ден астам өкілі қатысады. Форум «Көп полярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» ұранымен өтеді. ЕЭФ-2023 аясында шамамен 35 іскерлік сессия өтеді. Форумның пленарлық отырысы басты іс-шара болмақ.

«Форумға қатысатынын растаған 2700-ден астам қонақтың ішінде 54 мемлекеттен келген 500-ден астам шетелдік өкілдер бар. Форум алаңдарындағы пікірталастар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Еуразиялық өңір елдерінің жан-жақты экономикалық дамуына бағытталған нақты практикалық шешімдерді әзірлеуге бағытталған. Сонымен қатар, Форум бизнес-диалог алаңына айналады, біз саны 450-ден асатын компанияның 650-ден аса бизнес өкілдері қатысады деп болжаймыз», — деп атап өтті Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук.

Сондай-ақ форумның іс-шараларына Біріккен Ұлттар Ұйымының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және халықаралық көші-қон ұйымының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Негізгі пікірталастардың бірі «ЕАЭО басымдықтары 2030+» стратегиялық блогының сессиясы аясында өтеді. Сессияға Армения Республикасының вице-премьер-министрі Мгер Григорян, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті Төрағасының тірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқасының мүшесі (министр) Сергей Глазьев қатысады деп күтілуде.

Сессияның басты тақырыбы – 2030 және 2045 жылдарға дейінгі кезеңге арналған интеграциялық өзара іс-қимылдың негізгі векторларын талқылау.

II Еуразиялық экономикалық форум 2023 жылы Ресей Федерациясының ЕАЭО органдарына төрағалық ету аясында өткізіледі, ал оның мақсаты еуразиялық кеңістіктегі кооперациялық байланыстарды жетілдіру болып табылады.