Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу блогының Қоғамдық қабылдауына қатысушылар кәсіпкерлерге өз бизнесін трансшекаралардағы бәсекелестердің құқыққа сыйымсыз әрекеттерінен қалай сақтау, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі мемлекеттік сатып алуға қатысушы болу туралы айтып берді. Іс-шара 26 мамырда Бішкекте Еуразиялық экономикалық форумның «ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі» пікірсайыс панелі шеңберінде болып өтті. Іс-шара модераторы ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев болды. Министр монополияға қарсы ведомстволардың күн тәртібін түзету үшін кәсіпкерлерден кері байланыс ала отырып, реттеушілер мен бизнестің өзара іс-қимылын диалог режимінде құру қажеттігін атап өтті.
Форум шеңберіндегі бүгінгі Қоғамдық қабылдау ЕАЭО елдерінің монополияға қарсы ведомстволарының бірқатар басшылары мен мемлекеттік сатып алу реттеушілерінің және бизнес өкілдерінің көзбе-көз форматта қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Мәселен, іс-шараға Қырғыз Республикасы Экономика және коммерция министрлігі жанындағы Монополияға қарсы реттеу қызметінің басшысы Кенешбай Тайлаков, Қырғыз Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Улукбек Календеров, Ресей Федерациясы Қаржы министрінің орынбасары Алексей Лавров, Ресей Федерациясы Федералдық монополияға қарсы қызмет басшысының орынбасары Андрей Цыганов, Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрінің орынбасары Андрей Картун, Қырғыз Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Марат Шаршекеев қатысты.
Зияткерлік меншік құқықтарын тіркеу ерекшеліктері, соның ішінде дәрілік препараттарға қатысты мәселелер, ағымдағы болмыстағы қатарлас импорт мәселелері, Одақтың бәсекелестік құқығын жетілдіру мәселелері, сондай-ақ авиатасымалдарды реттеу және басқа да салалық мәселелер белсенді пікірсайыс тудырды.
Қатысушылар ЕАЭО елдеріндегі мемлекеттік сатып алу саласын, дәлірек айтқанда, оларға Одақ елдерінің кәсіпкерлері үшін толық мәнді және тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелерін талқылады.
Комиссия өкілдері іс-шараға қатысушыларды Одақтың бәсекелестік саласындағы құқықтық негіздерімен, бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілік шараларымен таныстырды, трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке қарсы іс-ірекеттер кезінде құқықтардың бұзылуына ЕЭК-ке шағым беру тәртібі мен негізін түсіндірді.
Отырыстың қорытынды бөлімінде Комиссия өкілдері бизнес өкілдерімен жеке консультациялар өткізді. Мысалы, сұрақтардың бірі Қазақстан Республикасындағы әуеайлақтардың радио жарық техникасы жабдықтарының ұшу тексерулері нарығына қолжетімділігіне қатысты болды. Авиатасымалдар нарығында мемлекеттік сатып алу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану мәселесі талқыланды.
Анықтама
Еуразиялық экономикалық форум Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінде төрағалық ететін Одақ мемлекеттерінде кезекпен өткізілетін, Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық саладағы жыл сайынғы іскерлік іс-шарасы болып табылады.
Еуразиялық экономикалық форумның бағдарламасымен ресми сайтта танысуға болады.
ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі