28-29 мамырда Астанада өтетін V Еуразиялық экономикалық форумға дайындық тікелей мәреге шығады. 13 мамырда Комиссияның баспасөз орталығында ЕЭК-тің бес министрінің қатысуымен өткен баспасөз конференциясында Еуразиялық экономикалық комиссияның салалық блоктарының жұмысы талқыланды.
ЕЭФ-2026 Бағдарламалық комитетінің төрағасы, ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов Форумның тақырыбы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЕАЭО мемлекеттерінің басшыларына үндеуінде белгіленген Еуразиялық экономикалық одақтағы Қазақстанның төрағалық ету басымдықтарымен ұштасқанын атап көрсетті. Ол – "ЕАЭО жаһандық цифрлық жарыста: жасанды интеллектіге үміт арту" деп аталады.
Бақыт Сұлтановтың сөзінше, оның блогы үш сессия өткізеді, олардың бірі – туризм саласындағы заманауи шешімдерге, екіншісі – цифрлық құралдарды пайдалана отырып, еңбек ресурстары нарығын дамытуға, үшіншісі – халықаралық ұйымдар мен компаниялардың трансшекаралық тасымалдар кезінде цифрлық трансформацияны дамытудағы тәжірибесіне арналған, ол Комиссияның Көлік блогымен бірлесіп жүргізілетін болады. Соңғы сессияда ЕЭК пен БҰҰ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою жоспарлануда.
ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян атап өткендей, екі панельдік сессия өнеркәсіп мәселелеріне арналады. Олардың бірінде қатысушылар ЕАЭО-да қолданыстағы өнеркәсіптік кооперация механизмінің өзекті мәселелерін қарайды. Екіншісінде – ЕАЭО мен ЮНИДО тәжірибесін ескере отырып, өнеркәсіпті цифрлық трансформациялаудың жаһандық үрдістері қаралады."Барлық ұйымдастырушылық механизмдері іске қосылды, бағдарлама қалыптастырылды. Ашық, нысаналы және қызықты диалогқа дайындалудамыз. Сіздерді Еуразиялық экономикалық форумды белсенді түрде жазып-көрсетуге шақырамын", – деп қайырылды Бақыт Сұлтанов БАҚ өкілдеріне.
Осы блоктың үшінші панельдік сессиясында Одақтың аграрлық нарығын цифрлық жаңғырту тақырыбын қарау көзделген."Өткен жылы біз ЮНИДО-мен бірлескен мәлімдемеге қол қойдық, қазір бізде біршама толымды екіжақты күн тәртібі бар", – деп ой бөлісті Гоар Барсегян.
ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Александр Субботин оның блогы екі сессия ұйымдастырады деп мәлімдеді. Өнім қауіпсіздігінің цифрлық экожүйесі туралы пікірсайыстың басты идеясы – цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні ЕАЭО шеңберіндегі техникалық реттеуде қалай қолдануға болатынын талқылау."Біз қазір агроөнеркәсіптік кешенге қаржылай қолдау шараларын тарату бойынша белсенді жұмыс істеу үстіндеміз және ЕЭФ-2026 алаңында осы тақырыпқа қатысты барлық мәселені талқылай алатынымызға сенімдімін. Барлық мүдделі адамдарды, ең алдымен, бизнес өкілдерін пікірсайысқа шақырғым келеді", – деп түйіндеді ЕЭК министрі.
"СФС-шаралар саласындағы цифрландыру және жасанды интеллект – инновациялық шешімдер" панельдік сессиясында соның ішінде ЕАЭО шеңберінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығын, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдалану перспективалары талқыланады."Сессияға стандарттау жөніндегі ұлттық органдардың, мемлекеттік басқару органдарының және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысатыны маңызды. Бұл тақырыпты теориялық тұрғыдан емес, әртүрлі практикалық жағынан талқылауға мүмкіндік береді", – деп атап көрсетті Александр Субботин.
Көлік және инфрақұрылым саласына қолдануға қатысты келгенде, Арзыбек Кожошев жеткізілімдердің мерзімін, құнын және тұрақтылығын (орыс тілінде үш "с") бөліп көрсетті. Осыған байланысты мәселелерді панельдік сессияларда бизнеспен бірге талқылау жоспарлануда. Бұдан басқа, бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері шығындарды азайту, қауіпсіздікті арттыру бойынша тәжірибе бөліседі, цифрлық технологиялардың тауарларды тасымалдауға әсерін талқылайды. ЕЭК министрінің пікірінше, бұл Комиссия мен Одақ елдерінің іскер топтарының бірлескен жобаларын дамыту үшін сенімді іргетас болады.Форумдағы өз блогының іс-шаралары туралы айта келе, ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев: "Геосаяси турбуленттілік жағдайында Еуразиялық жолдардың – теміржол, автомобиль, әуе жолдарының маңыздылығы күн сайын артып келеді. Ең басты мақсат – көлік компанияларының жеткізу уақыты мен шығындарын қысқарту", – деп атап өтті.
ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің желісі бойынша төрт сессия жоспарланған, атап айтқанда, – "Еуразиялық сауда және логистика". Оның маңыздылығын ЕЭК министрі бірінші кезекте бөліп көрсетті.
Бұрынғысынша климаттық күн тәртібі басты назарда қала береді, Еуроодақ пен ҚХР тарапынан қабылданатын шешімдер аясында көміртегі ізін есептеу, бірыңғай әдістемелер мен тосқауылдарға жол бермеу мәселелері бұдан да өзекті бола түседі."Бүгінде халықаралық сауда ағындары айтарлықтай өзгеруде, бұл құрлықішілік сауда маршруттары рөлінің өсуіне және өңірлендіруге байланысты. Ал ЕАЭО кеңістігінде осы екі тренд бір-бірімен ұштасып жатыр. Сондықтан біз Еуразиялық көлік дәліздерінің қиылысында және біздің Одақ қалыптастыратын сауда келісімдерінің кең желісінде қандай нәтижелер болуы мүмкін екенін талқылаймыз", – деп хабарлады Андрей Слепнев.
Екі практикалық цифрлық сессия тікелей Форум тақырыбына арналады. Олардың бірі – "ЕАЭО-дағы цифрлық сауда" – электрондық құжат айналымы, смарт-келісімшарттар және жасанды интеллект саласындағы ұлттық шешімдерді Одақ шеңберінде ауқымдандыру мақсатын көздейді. Басқа бірі – "Цифрлық таңбалау" – таңбалаудың қазірдің өзінде бақылап отырудың жай ғана құралы емес, сонымен қатар көп жағдайда тауар айналымының заңдылығын бақылаудың құралы болатындығына байланысты.
Ұйымдастырушылар Форумның әлеуетті қатысушыларына екі мыңнан астам шақыру жіберді. Одақ елдері мен байқаушы мемлекеттердің салалық министрліктерінің басшылары, АҚШ, Қытай, Әзербайжан, Вьетнам, Мысыр, Моңғолия, Түрікменстан, Тәжікстан елдерін қоса, басқа да бірқатар үшінші елдердің 70-тен астам делегаты панельдік сессиялардың қонағы болады.
БҰҰ құрылымдары (ЮНКТАД, ЮНИДО, БҰҰ ЕЭК, БҰҰ ЭСКАТО, ЮНСИТРАЛ), жетекші халықаралық ұйымдар – ДСҰ, ДДҰ, ЭЫДҰ және басқалар басшыларының Форумға қатысуы оның салмағын арттыра түседі. Форумға АСЕАН, БРИКС, ШЫҰ, ТМД сияқты ірі өңірлік бірлестіктер қатысады.
Форум алаңдарында 12 маңызды интеграциялық құжат: меморандумдар, келісімдер, хаттамалар, бірлескен іс-шаралар жоспарлары қол қоюға дайындалуда.