Жаңалықтар

14.06.2022 (Обновлено: 28.06.2022 11:20)

ЕЭК ғылыми-практикалық конференциясының қорытындылары бойынша журналистер алдына шығу және ЕЭК Алқасы мүшелері кітаптарының таныстырылымы

20 маусымда Беларусь Ұлттық ғылым академиясында «Ғылыми-техникалық ынтымақтастық — жаңа экономикалық сын-қатерлер жағдайында ЕАЭО-ны дамытудың негізі: проблемалар және оларды шешу жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындылары бойынша ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің, ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьевтің және Беларусь Ұлттық ғылым академиясы төралқасының төрағасы Владимир Гусаковтың қатысуымен журналистер алдына шығу болады.

Бұдан басқа, ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьевтің монографияларының таныстырылымы өтеді.

БАҚ өкілдерін кітаптардың таныстырылымына және одан кейінгі журналистер алдына шығуға қатысуға шақырамыз, онда спикерлерге ғылыми-практикалық конференциясының қорытындылары мен Еуразиялық интеграцияның аспектілері бойынша сұрақтар қоюға болады.

Іс-шара Минск қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 66-үйде, Беларусь Ұлттық ғылым академиясының ғимаратында 20 маусымда 15.30-да болады.

Журналистер алдына шығуға аккредиттеу мәселелері бойынша байланысушы адам:

Беларусь ҰҒА баспасөз хатшысы Марцелева Наталья Александровна, тел.: (017) 373-14-05, электрондық пошта: press@presidium.bas-net.by

Авторлар таныстырылым барысында ұсынатын кітаптар:

М.В.Мясникович «Еуразиялық экономикалық интеграцияның практикалық мәселелері».


Кітап посткеңестік кеңістіктегі экономикалық ынтымақтастықтың іргелі заңдылықтарын ашады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын жетілдірудің жолдары мен әдістері, әлемдік экономиканың мықты әрі өз игілігі өзіне жететін Еуразиялық орталығын қалыптастырудың практикалық шаралары мен механизмдері ұсынылады.

– М.В.Мясникович «Жергілікті басқару және өзін-өзі басқарудың теориясы мен практикасы: жай-күйі, проблемалары және ұсыныстар».

Монографияда жергілікті басқару мен өзін-өзі басқарудың теориясы мен практикасының өзекті мәселелері, Беларусь Республикасының осы саладағы заңнамасының ерекшеліктері қарастырылады. Шетелдік тәжірибені ескере отырып, Беларусьтың өңірлік дамуындағы жергілікті өзін-өзі басқару қауымдастықтарының рөлі, функциялары мен міндеттері талданады.

– С. Ю. Глазьев «Нарыққа оқыту».

Монография эволюциялық экономика тұрғысынан жүргізілген теориялық тұжырымдамалар мен өтпелі экономикасы бар елдердегі реформалар жылдарында жинақталған практикалық тәжірибені талдаудан тұрады. Ресей экономикасының трансформациясы проблемаларына ерекше назар аударылады.

- С. Ю. Глазьев «Экономиканың дамуын басқару».

Дәріс форматындағы кітапта экономикалық саясаттың теориялық алғышарттарына сыни талдау жасалады, нарықтық тепе-теңдік туралы аңыздар сейіледі. Технологиялық және әлемдік экономикалық салттардың ауысуы процесі ретінде ұзақ мерзімді экономикалық дамудың іргелі заңдылықтары ашылады, экономиканың дамуын басқару жүйелеріндегі ұзақ мерзімді өзгерістердің заңдылықтары түсіндіріледі.

– С. Ю. Глазьев «Соңғы дүниежүзілік соғыс. АҚШ бастайды және ұтылады».

Кітап авторы жаһандық сұрақтарға жауап береді: Америкаға жаңа дүниежүзілік соғыс не үшін қажет және оны болдырмауға бола ма? Неліктен Украина оған көпір ретінде таңдалды? Батыс агрессиясына нені қарсы қоя аламыз? Ресейді, Украинаны және бүкіл әлемді ХХІ ғасырда қандай болашақты күтіп тұр?