Жаңалықтар

12.05.2022 (Обновлено: 18.05.2022 15:56)

Журналистерді 2022 жылғы Еуразиялық экономикалық форумды жазып көрсетуге шақырамыз

Еуразиялық экономикалық форум — Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) іскерлік іс-шарасы, онда жыл сайын Одақ мемлекеттерінен және үшінші елдерден келетін 2000-нан астам адам бас қосады.

Биыл Форум Бішкекте, Қырғыз Республикасында өтеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары әдетте іс-шараны кеңінен жазып көрсетеді.

БАҚ өкілдері үшін аккредиттеу қағидаларымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://forum.eaeunion.org/smi/. Өтінімді Форум сайтында электрондық түрде толтыруға немесе Word құжатында толтырылған анкета мен фотосуретті мына электрондық пошта бойынша: eef_press@eecommission.org. жолдауға болады.

Аккредиттеу шетелдік журналистер үшін 16 мамырға дейін және Қырғызстанның БАҚ өкілдері үшін 20 мамырға дейін ашық.

Анықтама:

Форумды Бішкек қаласының үш: «Орион», «Novotel», «Sheraton» мейманханасында өткізу жоспарланған. Барлық қажетті ақпаратты forum.eaeunion.org сайтынан немесе кол-орталықтан +996500855655 нөмірі бойынша алуға болады.

Форум интеграцияны нығайтуды, ЕАЭО елдерінің экономикалық әлеуетінің өсуін және өндірістік кооперациясын кеңейтуді мақсат тұтады. Форум алаңы тікелей B2B байланысу желісін дамытуға және бәсекеге қабілетті әрі экспортқа бағдарланған өнім жасау үшін әлеуетті тұтынушылар мен инвесторлар ретінде үшінші елдердің компанияларын тартуға қызмет етеді.

Еуразиялық экономикалық форум 2016 жылы ЕАЭО елдері мен Еуразиялық экономикалық комиссия тұңғыш рет ұйымдастырған «Еуразиялық апта» халықаралық көрме форумының ізбасары болды.