Жаңалықтар

15.12.2022 (Обновлено: 28.12.2022 12:16)

Мүлікті бағалау объектілерінің салғастырмалы тізбесі туралы ұсыным қабылданды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 14 желтоқсандағы отырысында мүлікті бағалау объектілерінің салғастырмалы тізбесі туралы ұсыным қабылданды.

Салғастырмалы тізбе Еуразиялық экономикалық одақтың әрбір мемлекетіндегі тиісті объектілерге қатысты мүлікті бағалау жүргізуге

құқық беретін рұқсатты көрсете отырып, мүлікті бағалау объектілерін өзіне кірістіреді.

ЕЭК Кеңесінің ұсынымы ЕАЭО мемлекеттері заңнамасындағы бағалау қызметі саласындағы өзгерістерді жедел ескеруге мүмкіндік береді.

Еске сала өтсек, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 19 шешіміне сәйкес мүлікті бағалау жөнінде көрсетілетін қызметтер секторы салғастырмалы тізбе бекітілген жағдайда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығы режиміне көшеді.

ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары Бағалау қызметін жүзеге асырудың жағдайларына орайлас ортақ тәсілдемелер шеңберінде мүлікті бағалау жөнінде көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығының жұмыс істей бастауына қарай ақтық тізбені бекітеді деп жоспарлануда.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде бағалау объектілерінің атауы айырмашылықты, ал тізбе бағалаушыларға басқа мүше мемлекеттерде қолданылатын рұқсаттармен өздерінде бар рұқсатты салғастыруға мүмкіндік береді және көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығының қағидаларын бұзушылықты алдын ала ескерту бойынша және Одақтың өзге елдеріндегі бағалаушыларға бақылау жасау үшін қосымша құрал болып табылады.

Анықтама

КБН-ның жұмыс істеуі шеңберінде бағалау қызметін жүзеге асырудың жағдайларына орайлас ортақ тәсілдемелер Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген және бағалау қызметі саласында ЕАЭО елдері заңнамасына ендіру үшін міндетті болып табылады.