Қаптамаға арналған техникалық регламентке енгізілетін өзгерістер қабылданды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентке өзгерістерді бекітті. Өзгерістерді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп ЕЭК дайындады.

Құжат техникалық регламентте типтік схемалар негізінде қаптаманың (тығындау құралдарының) сәйкестігін декларациялау схемалары мен рәсімдерін белгілеуді көздейді.

Қолданыстағы техникалық регламентті қолдану практикасы ескерілді, оның нормалары Одақ туралы шартқа сәйкес келтірілді.

Өзгерістерді іске асыру сәйкестікті бағалаудың бірыңғай рәсімдерін қолдануға және ЕАЭО-ның әрбір елінде жүргізілетін бағалау нәтижелерінің салғастырмалығына кепілдік береді.

Техникалық регламенттерде сәйкестікті бағалау рәсімдерін жүйелі қайта қарау жалғасуда.