In vitro диагностикасына арналған медициналық бұйымдарды жіктеу жөніндегі ұсыныстар қабылданды

23 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде оларды тіркеу мақсатында Қолданудың ықтимал тәуекеліне байланысты in vitro диагностикасына арналған медициналық бұйымдарды жіктеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды қабылдады.

Бұл гематологиялық, жалпы клиникалық, генетикалық, иммунологиялық, микробиологиялық, гемостазды зерттеу, инфекцияларға биохимиялық қан талдауы және басқаларын қоса алғанда, зертханалық талдаулардың кең спектрін орындау туралы айтылуда. Олар ауруларды жақсы түсіну және оларды емдеудің ең тиімді әдістерін таңдау үшін қажет.

Осындай зерттеулер жүргізу кезінде қолданылатын медициналық бұйымдар, Комиссияның Әдістемелік ұсынымдарына сәйкес қолданудың ықтимал тәуекеліне байланысты әртүрлі сыныптарға жатқызылуы мүмкін, осыны ескере отырып, оларға қойылатын талаптар айқындалады.

Ұсынымдар 2015 жылы Комиссия Алқасы бекіткен Қолданудың ықтимал тәуекеліне қарай медициналық бұйымдарды жіктеу қағидаларына түсініктемелер мен мысалдарды қамтиды және Одақ елдерінде көрсетілген Ережелерге сәйкес in vitro диагностикасына арналған медициналық бұйымдарды жіктеуге бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған. Бұл осындай өнімді сараптау нәтижелерін өзара тану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.