"Продэкспо 2023": Одақтың органикалық өнімдерінің экспорттық мүмкіндіктері талқыланды

Тағамдық өнімдер, ішімдіктер және шикізаттар өндірісіне арналған "Продэкспо 2023" халықаралық көрмесіндегі жалпы отырыстың және "Ресейдің органикалық өнімін өткізуді дамыту: ішкі және сыртқы сұраныс" панельдік пікірсайыстың шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян ЕАЭО-да органикалық өнімнің бірыңғай нарығын құру және Комиссияның Одақ мемлекеттерімен бірлесіп оны қалыптастыру жөніндегі жол картасының іс-шараларын іске асыруы туралы айтып берді.


ЕЭК өкілі пікірсайысқа қатысушылармен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде органикалық өнімді тану туралы келісім жобасын дайындау барысы туралы ақпаратпен бөлісті. Құжатқа қол қою бүкіл ЕАЭО аумағында органикалық өнімнің еркін айналысы үшін жөнелту нүктесі болады. Ол сондай-ақ жаңа халықаралық шарттың жобасына кірістірілген түйінді реттеушілік нормаларды атап өтті.

"Бүгінде Одақта органикалық жолмен өндірілген азық-түлікке деген сұранысты, сондай-ақ органикалық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту үшін біз жасаған қадамдар өте маңызды. Тұтынушылардың органикалық өнімдердің адам денсаулығына пайдасы туралы хабардарлығын арттыру және оларды тұтынуды танымал ету, органикалық өндіріс саласындағы талаптардың халықаралық стандарттарымен үндестіру жөніндегі жұмысты жалғастыру маңызды. Органикалық өнімдердің еркін саудасын қамтамасыз ету үшін органикалық ауыл шаруашылығы жүйелерін өзара тану мәселелері бойынша мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңызы зор", — деп атап көрсетті Армен Арутюнян.

 Көрменің іскери бағдарламасы дәстүрдегідей "Роскачество" АКҰ ұйымдастырған органикалық өнімге арналған пікірсайыспен ашылды. Биылғы іс-шарада мәселелердің кең тобы — органикалық өнімдердің экспорттық мүмкіндіктері мен ішкі сұранысты арттыру, органиканы тұтынушының бейнесі, органикалық нарықты дамыту үшін қолдау шаралары, органикалық өнім айналысы саласындағы бақылау мен қадағалау және басқалар қаралды.

"Продэкспо 2023" көрмесінің іскери бағдарламасының жалпы отырысы Ресейдің азық-түлік нарығындағы түйінді өзгерістерге арналды. Армен Арутюнян отырыс спикері ретінде тамақ өнеркәсібі салаларында өнімділікті арттыру, импортты алмастыру және сапаны арттыру, азық-түлік өндірушілерді шикізатпен, жабдықтармен және жинақтауыштармен қамтамасыз ету, сондай-ақ логистикалық тізбектер мен жаңа экспорттық бағыттарды дамыту тақырыптарын талқылауға қатысты.