Жаңалықтар

19.04.2022 (Обновлено: 23.05.2022 10:20)

Құс етіне арналған техрегламенттің күшіне енуі жөніндегі өтпелі кезең ұзартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың «Құс етінің және оның өңделген өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің өтпелі ережелерін бекітті.

Өтпелі кезең техрегламент күшіне енетін күннен - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 18 айға, яғни 2024 жылғы 30 маусымға дейін белгіленген. Осы уақыт ішінде «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентті қоса, одақтық заңнама талаптарына сәйкестікті бағалау туралы техрегламент күшіне енгенге дейін берілген құжаттар бойынша өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі. Бұл өнімнің айналысына әзірлеуші белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі.

Сондай-ақ құс етіне арналған техрегламент күшіне енген күнге дейін Комиссияның ЕАЭО елдерімен бірлесіп, мемлекетаралық стандарттарды және кедендік рәсімдерге жатқызу кезінде соларға қатысты «Құс етінің және оның өңделген өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарын сақтау расталатын өнімдердің тізбесін әзірлеу жөнінде бағдарлама дайындауы бағамдалады.

Өтпелі ережелер техрегламенттің және құс еті мен оның өңделген өнімдеріне қатысты сәйкестікті бағалау туралы құжаттың талаптарына кезең-кезеңмен көшу үшін қабылданды.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі