24 тамызда Чолпон-Атада (Қырғызстан) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитеттің 18-отырысында энергетика саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ Еуразиялық «бестік» елдерінің жетекші энергетикалық компанияларының өкілдері ЕАЭО ортақ электр энергетикасы нарығының нормативтік базасын қалыптастыруды талқылады.
Отырыста айтарлықтай шамадағы келісілмеген ережелер реттелді. Ортақ электр энергетикасы нарығының жұмыс істеу қағидалары топтамасына кіретін екі құжаттың жобасы жоғары деңгейде қабылдауға және бекітуге дайындалды. Электр энергиясының өзара саудасы қағидаларының жобасы жоғары дайындық дәрежесінде тұр деп хабарлады ЕЭК Энергетика департаментінің директоры Вадим Закревский.
Консультативтік комитет ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикасы нарығында (ОЭН) мемлекетаралық қималардың өткізу қабілетін айқындау және бөлу қағидаларының жобасын мақұлдады. Құжат жобасы осы жылғы қыркүйекте ЕЭК Алқасының отырысында қаралады.
Сондай-ақ отырыста тараптарда оның талаптары бойынша келіспеушіліктер болған кезде саудадан тыс мемлекетаралық беруге шарттар жасасуға қатысты мәселені қоспағанда, ЕАЭО ОЭН шеңберінде электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беру жөніндегі қызметтерге қол жеткізу қағидаларының жобасы (ЕЭК Кеңесі қарайтын болады) келісілді.
ЕАЭО ОЭН электр энергиясының өзара саудасы қағидаларының жобасында Одақ ОЭН-дегі сауда валютасы жөніндегі мәселе реттелді. Тараптар орталықтандырылған сауда кезінде бір тәулік алғы және шұғыл келісімшарттар бойынша электр энергиясына өтінімдер беру және бағаларды тіркеу заңдық құзырында орталықтандырылған сауда операторы өз қызметін жүзеге асыратын мүше мемлекеттің валютасында жүзеге асырылады деп уағдаласты.
ЕЭК Алқасының тапсыруы бойынша консультативтік комитетте ЕЭК Кеңесінің электр энергиясының орталықтандырылған сауда операторларын (сауда алаңдарын) жедел келісімшарттар бойынша және бір тәулік алғы айқындау туралы өкімінің жобасында ЕАЭО елдерінің үкіметтеріне арналған тармақтарды сақтау қажеттігі қосымша қаралды. Бұл құжаттың жобасында Беларусь, Қазақстан және Ресей үкіметтеріне берілген тапсырмалардың болуы сауда алаңдары айқындайтын Одақтың ОЭН-де электр энергиясының орталықтандырылған саудасы операторларының функцияларын іске асыру үшін қазіргі бар іскерлік процестерді және бағдарламалық-аппараттық кешендерді жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар кешенін орындауға, сондай-ақ қажет болған кезде шығындарды қаржыландыруға кепілдік береді. Талқылау нәтижелері бойынша ЕАЭО-ның төрт мемлекеті осындай қажеттілікті растады.
Іс-шараны қорытындылай келе, ЕЭК Энергетика департаментінің директоры Вадим Закревский «Ортақ электр энергетикасы нарығының жұмыс істеуін реттейтін барлық құжатты тезірек келісу электр энергиясының еркін саудасын Еуразиялық «бестік» Президенттері белгілеген мерзімде ұйымдастыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті.
Ортақ нарықта электр энергиясының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру үшін ЕЭК Кеңесі осындай сауданың операторларын айқындауға тиіс. Беларусь, Қазақстан және Ресей қазірдің өзінде ЕАЭО ортақ электр энергетикасы нарығындағы жұмыс үшін өз сауда алаңдарын ұсынып отырғанын атап өту қажет. Бұлар — Белорус әмбебап тауар биржасы, Қазақстандық электр энергиясы мен қуаттар нарығының операторы, Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасы және ресейлік Сауда жүйелерінің әкімшісі. ЕЭК Кеңесінің тиісті өкімінің жобасы дайындалды, ЕАЭО елдері Энергетика министрлерімен келісілді және ЕАЭО органдарыныі қарауына жіберілді.