ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 2024 жылғы қаңтарда 0,5% өсті
11.03.2024
2024 жылғы қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақтағы ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі барлық санаттағы шаруашылықтарда 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 0,5% артты. Өсу Беларусьта, Қырғызстан мен Қазақстанда, азаю Ресейде байқалды.
Сойылған мал мен құс (тірі салмағында) 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1%, сүт 3,2% артты, жұмыртқа өндіру 0,9% азайды. Сойылған мал мен құс өндірісі көлемінің өсуі Беларусьта, Ресейде және Қырғызстанда, азаюы Қазақстанда байқалды. Сүт өндіру ЕАЭО-ның барлық мемлекетінде (Армения бойынша деректерді есепке алмағанда) артты. Жұмыртқа өндірісінің артуы Қырғызстанда, Беларусьта және Қазақстанда, азаюы Ресейде байқалды.
Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі» бөлімінде берілген.