ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 0,5% өсті

2023 жылғы қаңтар-қазан айларында Еуразиялық экономикалық одақта барлық санаттағы шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы өнімін өндіру өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,5% өсті. Өсу Ресейде, Беларусьта және Қырғызстанда, төмендеу – Қазақстанда байқалды.

ЕАЭО мемлекеттері ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауды аяқтап бола келді. 1 қарашадағы жай-күй бойынша, ЕЭК бағалауына сай, астық жинау ЕАЭО-да бастапқы кіріске алынған салмағында өткен жылдың тиісті күнімен салыстырғанда 9,8% төмендеді, ал картоп 4,8%, көкөніс 1,4% көп жиналды.

2023 жылғы қаңтар-қазан айларында мал шаруашылығы өнімінің негізгі түрлерін өндіру: союға арналған мал мен құс (тірі салмақта) 2,3%, сүт 2,9%, жұмыртқа 1 % артты.

Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі» бөлімінде берілген.