ЕАЭО-да өнеркәсіптік өндіріс 2023 жылғы қаңтар – қараша аралығында 3,8%-ға өсті

Еуразиялық экономикалық одақта 2023 жылғы қаңтар – қараша айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2022 жылғы қаңтар – қараша айларының деңгейіне қарағанда 103,8% құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің өсуі Беларусьте 7,9%-ға, Қазақстанда 4,3%-ға, Ресейде 3,6%-ға, Арменияда 2,1%-ға, Қырғызстанда 1,8%-ға байқалды.

Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Өнеркәсіп өндірісі» бөлімінде берілген.