ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік өндіріс 2023 жылдың 5 айында шамамен 2%-ға өсті
13.07.2023
2023 жылғы қаңтар-мамыр айларында Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіп өнімінің өндірісі 2022 жылғы қаңтар-мамыр деңгейіне қарағанда 101,9% құрады.
Өнеркәсіптік өндірістің өсуі барлық мүше мемлекеттерде байқалды: Беларуссияда – 4,1%, Арменияда – 3%, Қазақстанда – 2,4%, Ресейде – 1,8% және Қырғызстанда – 1,2%.
Толық статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаментінің бетіндегі «Өнеркәсіптік өндіріс» бөлімінде берілген.