Жаңалықтар

01.10.2021 (Обновлено: 08.02.2022 17:34)

ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өндірісі 2021 жылдың 8 айы ішінде 4,5% өсті

2021 жылдың қаңтар-тамызында Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 853,9 млрд АҚШ долларын құрады және 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,5% артты.

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаментінің жедеғабыл-шолуында айтылған.

2021 жылдың қаңтар-тамызында өнеркәсіп өндірісінің артуы Беларусьта – 8,6%, Ресейде – 4,5%, Қазақстанда – 2,4% және Арменияда – 1,0% байқалды, Қырғызстанда 7,3% төмендеді.

Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесінде, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылауда мейлінше көп өсім - 18,9% белгіленді. ЕАЭО-дағы өндіріс көлемі электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде және ауаны баптауда 7,6%, өңдеу өнеркәсібінде 5,4%, кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді дайындауда 1,7% артты.