Жаңалықтар

13.04.2022 (Обновлено: 29.04.2022 14:10)

Тракторлар мен тіркемелердің ЕАЭО техрегламентіне сәйкестігіне бұрын берілген құжаттарды өзгертуге тура келмейді

ЕЭК Алқасының мүшелері 2022 жылғы 18 мамырда күшіне енетін «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техрегламентіне өзгерістердің қалай әрекет ете бастайтынын анықтады.

Қабылданған шешімге сәйкес тракторлардың, тіркемелердің және олардың компоненттерінің өзгерістер күшіне енгенге дейін берілген немесе қабылданған техрегламент талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттар мен декларациялар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күшінде болады. Бұл өндірушілерге осындай құжаттардың қолданылу мерзімі ішінде өнімді айналысқа шығаруға мүмкіндік береді.