16 қазанда Мәскеуде "ЕАЭО-дағы мемлекеттік (муниципалдық) сатыпалым" халықаралық конференциясында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде осы саланы реттеу қағидаттарының бірі ретінде бәсекелі мемлекеттік сатыпалымды дамыту талқыланды.
Іс-шарада цифрландыру, сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын орындау, банк сүйемелдеуі және кадрлар даярлау деңгейін арттыру негізінде мемлекеттік сатыпалым саласындағы бәсекені дамыту аспектілері қаралды. Ұлттық сервистерге трансшекаралық қол жеткізудің проблемалық мәселелеріне айрықша назар аударылды.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович конференцияға қатысушыларды ЕАЭО шеңберіндегі мемлекеттік сатыпалым нарығындағы үрдістер туралы хабардар етті. Одақ туралы шартта айқындалған мемлекеттік сатыпалым саласындағы реттеу мақсаттары мен қағидаттарын іске асыруға бөлекше тоқталды.
ЕЭК министрі бәсекеге қабілетсіз мемлекеттік сатыпалым сегментінің жұмыс істеуіне назар аударды, оған қазір бәсекелік механизмдері белсенді ендірілуде.
ЕЭК министрі сатыпалымның мұндай тәсілдері ЕАЭО құқығында әлі көзделмегенін түсіндіріп өтті. Алайда оларды қолдану сарапшылар тарапынан белсенді талқылануда. Мүше мемлекеттердің мүддесі үшін — бірыңғай реттеу негізінде жаңартпалар ендірудің үйлестірушілігін қамтамасыз ету."Бұл мемлекет мұқтажы үшін тауарларды трансшекаралық жеткізуді ұлғайтуға жағдай жасайды. ЕАЭО-ның бірқатар елінде — Қазақстан, Қырғызстан және Ресейде — "электрондық дүкеннен" сатыпалым пайдаланылады, тауарлардың стандартталған сипаттамалары бар "электрондық каталогтар" қолданылады", — деп атап өтті Максим Ермолович.
Конференцияны ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу блогы РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетімен бірлесіп өткізді. Іс-шараға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының, ЕАЭО электрондық сауда алаңдары мен бизнесінің өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушыларға ҚХР Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының орынбасары Чан Йон бейнежолданым арнады.