Шығыс экономикалық форумында шекаралық инфрақұрылымды дамыту талқыланды
04.09.2025
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Владивостокта Шығыс экономикалық форумы шеңберіндегі "Қазіргі заманғы шекаралық инфрақұрылым – мемлекет үшін ең үздік инвестициялар" сессиясында сөз сөйледі.


ЕЭК министрі халықаралық тәжірибе мен үздік әлемдік практиканы ескере отырып, кедендік өткізу пункттерін жайластыруға қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеудің Комиссиядағы барысы туралы айтып берді.

"Еуразиялық экономикалық одақтағы өткізу пункттерінің нақтылы және цифрлық инфрақұрылымын дамыту оларды үздік халықаралық стандарттарға келтіру үшін қажет. Мысалы, Ресейде әзірленген интеллектуалды өткізу пункттерін ендіру Ресей Федерациясы Президентінің он минут ішінде шекарадан өтуді қамтамасыз ету жөнінде қойған міндетін шешуге мүмкіндік береді", — деп атап көрсетті Руслан Давыдов.

Сессияға Ресей Көлік министрлігінің өкілдері, Қиыр шығыс өңірлерінің, ірі логистикалық компаниялардың өкілдері қатысты.