Халықаралық кеден форумы шеңберіндегі Еуразиялық экономикалық одақтағы тәуекелдерді басқару жүйесінің (ТБЖ) өзекті мәселелеріне арналған панельдік сессияда Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Сергей Владимиров модератор ретінде сөз сөйледі.
Іс-шараға Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының кеден қызметтерінің бейінді құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Сессия басында Сергей Владимиров кеден органдары қолданатын ТБЖ кеден органдарының міндеттерін тиімді шешуді және қауіпсіздік, төлемдерді жинау және, әрине, заңға бағынушы сауданы ілгерілету сияқты негізгі функцияларды іске асыруды қамтамасыз етуі маңызды екендігіне назар аударды.
Панельдік сессия спикерлері ЕАЭО Кеден кодексінде қатталған қағидаттарды ескере отырып, кеден қызметтерінде ТБЖ ұйымдастыру туралы айтты.
Болып өткен пікірсайыс шеңберінде ЕАЭО кеден қызметтері Біріккен алқасының ТБЖ-ны пайдалана отырып кедендік бақылаудың жалпы стандарттарын қалыптастырудағы рөлі, 2025-Стратегиясын іске асыру шеңберінде ТБЖ-ны одан әрі біріздендіру мен дамытудың негізгі перспективалары, инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің суреттерін автоматты талдау, ЕАЭО мемлекеттерінің аумақтары арқылы транзиттік тасымалдарды кедендік бақылауды талдау мақсатында кеден қызметтері арасында суреттер алмасу саласындағы жетістіктер талқыланды.
"ЕАЭО-да ТБЖ-ны дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындау бойынша бағдарламалық құжаттар ортақ болуы мүмкін, бірақ тактикалық аспектілері өзгешелікті болуы ықтимал және бұл орынды. Стратегиялық жоспарда тұжырымдамалық алшақтықтардың болуы әртүрлі құқық қолдану тәжірибелері мен ішкі сауда тосқауылдарына тап қылуы кәдік", – деп атап өтті Сергей Владимиров.
Іс-шара соңында кедендік әкімшілендіру саласындағы интеграциялық өзара іс-қимылды тереңдету тәуекелдерді талдау мен басқару жүйелерін біріздендіру жөнінде одан әрі жұмыс істеу жолымен іске асырылуы мүмкін екендігі, бұл кедендік бақылаудың біркелкілігіне және кеден қызметтерінің өзара сеніміне оң әсер етіп, оны жүргізудің бірыңғай стандарттарын қамтамасыз ететіні атап өтілді.
Анықтама
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне (ЕАЭО КК) сәйкес кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес ТБЖ-ны пайдалана отырып, кедендік бақылау объектілерін іріктеу қағидатын, кедендік бақылау нысандарын және кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ету шараларын (ЕАЭО КК 310-бабының 4-тармағы) негізге алады.
Тәуекелдерді басқарудың базалық негіздері мен жалпы әдіснамалық тәсілдемелері ЕАЭО КК-де айқындалған.
ТБЖ қолдану стратегиясы мен тактикасы, оның жұмыс істеу тәртібі, сондай-ақ тәуекелдерді басқару процесін іске асыру, соның ішінде тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шараларды айқындау және оларды қолдану тәртібі мәселелері Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасымен реттеледі.