Басты бет
/
Жаңалықтар
/
Еуропалық бизнес қауымдастығы өкілдерімен ЕАЭО шеңберінде кедендік реттеуді дамыту талқыланды
Еуропалық бизнес қауымдастығы өкілдерімен ЕАЭО шеңберінде кедендік реттеуді дамыту талқыланды
03.04.2025
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Мәскеуде Еуропалық бизнес қауымдастығы ұйымдастырған кеден конференциясына қатысты.
Пленарлық сессияда ЕЭК министрі кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі жоспарлар туралы айтып, Еуразиялық экономикалық одақтың транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі жұмысты жеке атап өтті.
Руслан Давыдов Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінің инфрақұрылымын басым дамыту қажеттігін ЕАЭО аумағында көлік-логистика дәліздерін қалыптастырудың маңызды элементі ретінде түсіндірді.
"Нақтылы инфрақұрылымды дамытып қана қоймай, өткізу пунктінің бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру үшін серпілісті цифрлық технологияларды ендіру де маңызды. Мұндай жұмыстың оң тәжірибесі ЕАЭО-ның барлық елінде бар. Енді әлемдік таңдаулы практикалар негізінде технологиялық шешімдерді біріздендіруге көшу керек", — деп атап көрсетті Руслан Давыдов.
Бүгінгі таңда ЕЭК алаңында ЕАЭО-ның кедендік шекарасында өткізу пункттерін жайластыруға орайлас жұмысты үйлестіруді және қадамдастыруды қамтамасыз ету үшін тиісті инфрақұрылымға қатысты бірыңғай міндетті ең төменгі талаптар әзірленуде, оларды іске асыру кедендік операцияларды оңайлатуға және бақылаудың қажетті деңгейін сақтай отырып, өткізу пунктіндегі өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.