ЕЭК Кеңесінің шешімі құрамында никотин бар заңсыз өнімнің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялықпломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалап отыруүшін осындай пломбалар қолданылатын тауарлардың қосымша санаттарын айқындау туралы шешім қабылдады.


Аталған Келісім күшіне енді. ЕАЭО елдері тасымалдарды қадағалап отырудыіске қосу үшін қажетті іс-шараларды аяқтайды, Комиссия содан кейін тиісті шешім қабылдайды.

Ұсынылып отырған бұл реттеу құрамында никотин бар өнімдерге, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2404, 2939 79 000 0, 2939 80 000 0 тауар позицияларында сыныпталатын, Одақ аумағынанэкспорттың кедендік рәсіміне сәйкес автомобиль көлігіменәкетілетін никотин шикізатына қатысты болады.

Бұл тауарларды қадағалап отыруКелісімге сәйкес тасымалдауды қадағалап отырудың бірінші кезеңінен басталады.

ЕЭК Кеңесінің шешімі кәсіпкерлердің Комиссияның сарапшы тобының жұмысына тікелей қатысуы кезіндегіұсыныстары негізінде дайындалды. Оны іске асыру ЕАЭО-да құрамында никотин бар заңсыз өнімнің таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.