Жаңалықтар

11.01.2022 (Обновлено: 31.01.2022 17:27)

РФ ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін ААЖМС полисін сатып алу кезіндегі тең жағдайларды белгіледі

Ресей Федерациясы Орталық банкінің нұсқауымен 2022 жылғы 9 қаңтардан бастап елде ААЖМС (ОСАГО) полисін сатып алу кезінде Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің азаматтары үшін тең жағдайлар белгіленді.

Бұрын полистің құнын есептеу кезінде ресейлік ұлттық жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушілер үшін жүргізушілер өтілі ескерілмеді. Бұл ЕАЭО-ның басқа елдерінің азаматтары үшін полис құнын елеулі түрде арттырды. Бұл ретте Одақ құқығына сай мүше мемлекеттер сақтандыру қызметтерін алушыларға қатысты кемсітушілік талаптарын қолданбауға тиіс.

Осы мәселе бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияда тараптардың уәкілетті органдарымен мониторинг және консультациялар өткізілді, мүше мемлекеттердің үкіметтеріне ЕАЭО-ның ішкі нарығында тосқауыл белгілері бар екендігі туралы қорытындылар жіберілді.