Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Шығыс экономикалық форумының "Ресейдің көлік егемендігін қамтамасыз етудегі Қиыр Шығыстың рөлі" сессиясында сөз сөйлеп, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің көлік әлеуетін дамытуға және нығайтуға бағытталған жобалардың іске асырылу барысы туралы айтты.
ЕЭК министрі Владивосток теңіз сауда портында жүргізуші кабинадан шықпай-ақ көлік құралы мен тауарлары бар контейнерді сканерлеуге мүмкіндік беретін портал типіндегі инспекциялық- тексеріп қарау кешені жұмыс істей бастағанын да айтып өтті. Оның сөзінше, мұндай технологиялар Еуразиялық "бестіктің" барлық еліндегі интеллектуалдық өткізу пункттерінің негізі болуға тиіс."Бірыңғай транзиттік жүйені ендіру, навигациялық пломбаларды қолдануды іске асыру, өткізу пункттерін жайластыру мен жарақтандыруға қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу, сондай-ақ электрондық сауданы реттеуді қалыптастыру – Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі жұмысының түйінді бағыттары", – деп атап өтті Руслан Давыдов.
Сессияға Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің, Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері де қатысты.