Руслан Давыдов Женевада ЕАЭО-дағы кедендік реттеудің перспективалы бағыттарын таныстырды

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Ішкі көлік комитетінің 87-ші сессиясында шекарадан өтуді жеделдету мен оңайлатуға, сондай-ақ кедендік рәсімдерді дамыту мен үндестіруге қатысты түйінді аспектілер талқыланды. Женевадағы іс-шараға Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов қатысты, ол сондай-ақ "2030 жылға қарай бағытталған жолдағы ішкі көлік секторындағы ойдағыдай іс-қимылдар мен шақырыстар" тақырыбындағы министрлік конференциясының да қатысушысы болды.

Руслан Давыдов Еуразиялық экономикалық одақтағы шекарадан өтуді оңайлату және транзиттік әлеуетті дамыту жөніндегі тәжірибе мен іске асырылып жатқан перспективалық жобалар туралы айтып берді.

Ол 2024 жылғы 26 желтоқсанда ЕАЭО-ға қатысушы елдердің көшбасшылары қол қойған Кедендік транзиттің бірыңғай жүйесі туралы келісімді таныстырып, Еуразиялық "бестікке" кірмейтін елдер де осы келісімге қосылуы мүмкін екенін атап өтті. 

"Құжат нормалары барлық қатысушы елдің аумағы бойынша тасымалдау кезінде бірыңғай электрондық транзиттік декларацияны пайдалануды көздейді, бұл СЭҚ қатысушыларының уақыт және қаржы шығындарын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді", – деді Руслан Давыдов.

Комиссияның кеден блогының басшысы ЕАЭО-да навигациялық пломбаларды ендіруге және транзиттік тасымалдардың қаржылық кепілдіктерінің тиімді құралы болып табылатын кепілгерлік институтын дамытуға бөлекше назар аударды. ЕАЭО-да өткізу пункттерін жайластыруға қойылатын бірыңғай талаптарды және оларда цифрлық технологияларды ендірудің үздік практикасын жасау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға баса назар аударылды.

"Өткізу пунктінің базалық элементі заттар интернетін, үлкен деректерді және жасанды интеллектті пайдалануға негізделген серпілісті технологияларды біріктіретін оның бірыңғай ақпараттық жүйесі болуға тиіс. Бұл мемлекеттік бақылаудың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыра отырып, тауарлардың, көлік құралдарының және жеке тұлғалардың ЕАЭО шекарасы арқылы өтуін жеделдетуге ықпал ететін болады", – деп атап өтті Руслан Давыдов.