ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов "Интеграция" VII Еуразиялық іскерлік форумының пленарлық отырысында сөз сөйлеп, кедендік реттеуді цифрландырудың Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытуға әсері туралы баяндамасын ұсынды.
ЕЭК министрі цифрлық кедендік технологияларды ендіру сыртқы сауда қызметінің талапшарттарын жеңілдетуге, ашықтықты арттыруға және ЕАЭО елдерінің тауар айналымын жеделдетуге ықпал ететінін атап көрсетті.
ЕЭК министрінің сөзінше, сыртқы факторларға қарамастан цифрлық кедендік жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуі маңызды, өйткені бұл ЕАЭО мемлекеттерінің технологиялық тәуелсіздігінің түйінді элементі."ЕАЭО елдерінің сыртқы сауда көлемі 2024 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 22% ұлғайды", – деп атап өтті Руслан Давыдов.
Сондай-ақ, Руслан Давыдов цифрлық кедендік технологияларды, соның ішінде ТМД елдері мен ЕАЭО мысалында қолданудың үздік әлемдік практикасы туралы айтып берді.
Сөзінің соңында Руслан Давыдов форумға қатысушыларды ЕАЭО-да электрондық навигациялық пломбаларды қолдану бойынша 2025 жылғы 26 қарашада Мәскеуде өтетін ЕЭК конференциясына қатысуға шақырды. Бұл конференция 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап ЕАЭО аумағы бойынша тасымалдарды қадағалап отыру үшін пломбаларды қолдануды іске қосу қарсаңында тәжірибе ауысудың және өзекті мәселелерді талқылаудың тағы бір мүмкіндігі болады."ЕАЭО бірыңғай кедендік аумағының сыртқы контурындағы өткізу пункттерінде барған сайын белсенді қолданылып келе жатқан жүк көлік құралдарын ағындық сканерлеу жүйелері кедендік операциялардың жасалу жылдамдығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Оларды ендіру логистиканы дамыту және бақылаушы органдардың жұмыс сапасын арттыру мақсатында өткізу пунктінде жиналатын үлкен деректерге кешенді талдау жүргізу үшін жағдайлар жасауға ықпал ететін болады", – деп хабарлады ЕЭК министрі.