31 шілдеден тасымалдарды навигациялық пломбаларды қолданып қадағалап отырудың екінші кезеңі басталады

2026 жылғы 31 шілдеден Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді практикалық іске асырудың екінші кезеңі басталады.

 

Осы кезең шеңберінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдауға қатысты:

көліктің автомобиль түрімен тасымалданатын тауарлардың барлық санатына;

көліктің темір жол түрімен тасымалданатын салық салынатын тауарлардың (киім, аяқ киім, тұрмыстық техника) жекелеген санаттарына навигациялық пломбаларды қолдану кеңейтіледі.

Комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 71 шешімімен белгіленген алып қоюды қоспағанда, аталған тауарлар бірінші кезеңде айқындалған тауарларға қосымша қадағаланып отыруға тиіс. 

Еске сала өтсек, бірінші кезең шеңберінде (2026 жылғы 11 ақпаннан бастап) пломбалауға жататындар:

- транзиттің, экспорттың кедендік рәсімдеріне сәйкес автомобиль және (немесе) теміржол көлігі түрлерімен тасымалданатын, сондай-ақ мүше мемлекеттер арасында өзара сауда шеңберінде өткізілетін акцизделетін тауарлардың (алкоголь/темекі) санкциялық және жекелеген түрлері;

- кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес автомобиль көлігімен тасымалданатын тауарлардың жекелеген санаттары (киім, аяқ киім, техника);

- экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылатын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 2404, 2939 79 000 0 және 2939 80 000 0 позицияларында жіктелетін) құрамында никотин бар өнім, никотин шикізаты.