Басты бет
/
Жаңалықтар
/
Бақытжан Сағынтаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Бақытжан Сағынтаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
01.09.2026
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев Өзбекстан Республикасының Президенті, ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевті Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Егемендік жылдар экономикалық өзгерістерді жүзеге асыруда, орнықты дамуды қамтамасыз етуде және Өзбекстанның халықаралық аренадағы беделін нығайту жолында елеулі табыстарға қол жеткізген кезеңге айналды", – делінген құттықтау хатта.
ЕЭК Алқасының басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және жеке өз атынан Өзбекстан Республикасы мен оның азаматтарына өркендеу және құт-береке тіледі.