Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің мемлекеттік сатыпалымға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына өзгерістерді қабылдады.
Аталған Қағидалардың "Арнаулы машина жасау" бөлімі жаңа — "тыңайтқыш шашқыштар" деген тауар атауымен толықтырылды. Ал өндіріс жағдайында екі тауар атауы үшін ("көп шөмішті экскаваторлар және доңғалақша немесе аунақша мойынтіректер) технологиялық операцияларды орындағаны үшін балл белгіленді.
Сондай-ақ СТ-1 сертификаты бойынша сұйық азот пен оттегі, электронды құрылғылары бар медициналық жиһаз және оның бөліктері үшін мемлекеттік сатыпалымға рұқсат берілді.
Көрсетілген өзгерістер тауарлардың Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне кіруін қамтамасыз етеді, ЕАЭО аумағында өндірістік операцияларды оқшаулауды тереңдетуге ықпал етеді және мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатыпалым нарықтарында арнайы машина жасау өнімдерінің тауар айналымын ұлғайтуына мүмкіндік береді.
Өзгерістер Комиссия Кеңесінің шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еске сала өтсек, Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімі тауарларына қатысты преференциялар, шектеулер мен тыйымдар белгіленген басқа мүше мемлекеттердің және (немесе) үшінші елдердің ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатыпалымына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.