Сергей Глазьев: «Біз Моңғолияны Азиядағы қарымды әріптестің бірі деп санаймыз»
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев 27-28 мамырда Улан-Удэде гибридтік форматта өткен «Ресей-Моңғолия. Жаңа болмыстағы әріптестік» бірінші халықаралық форумы барысында мәлімдеді.

Спикерлер екі елдің ынтымақтастығының жобалары мен перспективаларын талқылады. Түйінді тақырыптар арасында — Моңғолия мен Ресейдің сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру, екі елдің өзара туристік алмасуын, соның ішінде медициналық туризмді дамыту перспективалары, жасампазшыл бағыттарды дамыту, құрылыс индустриясы саласындағы әріптестік мәселелері бар.

Жалпы отырыста Сергей Глазьев атап өткендей, Моңғолия Еуразиялық экономикалық комиссия 2015 жылы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған бірінші мемлекет болды. Сол уақыттан бері жұмыс тобы жұмыс істейді, оның шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Моңғолия арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланады.

«Біз Моңғолияны Азиядағы қарымды әріптестің бірі деп санаймыз. Қазір жұмыс жүргізіліп жатқан ЕЭК пен Моңғолия Үкіметінің 2025 жылға дейінгі ынтымақтастық жоспары біздің сауда-экономикалық, кооперациялық, инвестициялық өзара қарым-қатынастарымызды кеңейту үшін жаңа жетістіктерді, жаңа мүмкіндіктерді көздегенін қалаған болар едік», — деп мәлімдеді Сергей Глазьев.

Жалпы сессияда РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары – РФ Президентінің Қиыр Шығыс федералдық округіндегі өкілетті өкілі Юрий Трутнев,Моңғолияның Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрлігінің мемлекеттік хатшысы Тумур-Уяа Жамбалцэрэн, Моңғолияның РФ-тегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Улзийсайхан Энхтувшин сөз сөйледі.

Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвач қатысқан дербес панельдік сессия Моңғолия мен Ресейдің сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыруға арналды.

Форум шеңберінде жәрмеңке-көрме болып өтті, онда ресейлік және моңғолдық кәсіпкерлер өз мүмкіндіктерін және инвесторлар үшін перспективалы салаларды таныстырды. Қатысушылар арасында — «Бурятагроснаб» («Ростсельмаш» пен «Алмаз» КЗ ресми дилері), «Бурятмяспром», «Дикая Сибирь» компаниялары, Байкал тоқыма комбинаты және басқалар бар. Іс-шара екі елдің бизнесі мен билігінің өкілдеріне іскер байланысуды жолға қоюға және тиімді өзара іс-қимыл түзуге мүмкіндік берді.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі