Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 20 желтоқсандағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақта 2024 жылға дейін өндірісін қамтамасыз ету ұсынылатын дәрілік препараттар мен медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялардың тізбесі туралы ұсынымды бекітті.
"Бүгінгі қатаң экономикалық шынтуайтты ескере отырып, біз аталған тізбе Одақтың дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің аттану нүктесі болады деп санаймыз",- деп атап көрсетті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.
Құжатты ЕАЭО мемлекеттерін стратегиялық маңызды дәрілермен және медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралардың өткен жылы қарашада мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары бекіткен тиісті жоспарын іске асыру мақсатында ЕЭК өнеркәсіп блогы Одақ елдерінің уәкілетті органдарымен бірлесіп әзірледі.
Тізбені қалыптастырудан бөлек, жоспар вакциналардың бірлескен өндірісін ұйымдастыру мәселесін пысықтауды, дәрілер мен фармацевтикалық субстанциялар өндірісі саласындағы кооперациялық жобаларды қаржыландыру туралы ұсыныстар дайындауды, кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдануды пысықтауды және басқа бірқатар шараны өзіне кірістіреді.