30 сәуірде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Жаңа жобаларды ілгерілету жөніндегі стратегиялық бастамалар агенттігі ұйымдастырған үшінші халықаралық "Жасыл Еуразия" климаттық конкурсына өтінім қабылдау аяқталады.
Қазіргі уақытта құжаттар Еуразиялық экономикалық одақтың барлық бес елінен, сондай-ақ ЕАЭО-ның Қытай, Үндістан, Иран және Өзбекстан сияқты негізгі сауда әріптестерінен келіп түсті. Бұдан басқа, ОАР, Эфиопия, Болгария, Молдова, Тәжікстан және Сенегал өкілдері өтінім беріп, конкурстың географиясын едәуір кеңейтті.
"Биылғы жылы келіп түскен өтінімдердің сапалы жақсарғанын атап өткім келеді. Конкурстың сарапшылары мен төралқасына үздіктерді таңдау оңай болмайды: іс жүзінде барлық жоба жоғары орындарға үміткер болуға және әлемдік деңгейде ауқымдана түсуге лайықты көрінеді", — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі, сондай-ақ жобалардың таныстырылымы Минскіде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің өткізілуіне орайластырылған Еуразиялық экономикалық форум шеңберінде өтеді.