Жаңалықтар

14.06.2022 (Обновлено: 28.06.2022 09:36)

Органикалық өнім нарығын жүйелі мемлекеттік қолдау айрықша маңызды мәнге ие болады

Еуразиялық экономикалық комиссияның АӨК жөніндегі консультативтік комитетінің отырысына қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді қарады.

Атап айтқанда, сұрып сынауды жүргізудің жалпы әдістемелік тәсілдемелері және ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасы туралы өзара танылатын құжаттардағы мәліметтердің біріздендірілген құрамы келісілді. Құжаттар Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2021 жылғы 21 мамырдағы шешімін орындау үшін әзірленді және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатып алынатын тұқымдардың сапасы туралы толық ақпарат алуға көмектеседі.

«Комиссияның осы сезімтал саладағы нормативтік құжаттарды дәйекті түрде қабылдауы тұқымдардың бірыңғай нарығын дамыту және тосқауылсыз орта құру туралы біздің мемлекеттеріміздің басшылары қойған міндеттерді бизнеспен кооперацияда шешуге мүмкіндік береді», — деді ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.

Консультативтік комитет мүшелері «Органикалық ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесі» шолуын мақұлдады. Құжатта органикалық өнімнің жаһандық нарығының үрдістері мен перспективалары, ЕАЭО-да және бірқатар үшінші елдерде органикалық ауыл шаруашылығын қолдауға орайлас тәсілдемелер туралы ақпарат, Одақ мемлекеттеріне ұсыныстар мен ұсынымдар қамтылған.

«Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы нормативтік базаны қабылдаумен қатар, өндірушілерді субсидиялаудан бастап тиісті оқыту бағдарламаларын, ғылыми зерттеулер мен жарнамалық науқандарды іске асыруға дейін осындай нарықты жүйелі мемлекеттік қолдаудың маңызы зор», — деп атап көрсетті ЕЭК министрі.

Кеңеске қатысушылар Комиссия Еуразиялық даму банкімен бірлесіп дайындаған ЕАЭО-ның ортақ тауар бөлу желісін құру туралы баяндаманы қарады. Ол тауар тарату желісінің негізгі компоненттерін, соның ішінде қолда бар сараланған сақтау қуаттарын, көлік инфрақұрылымын бағалауды, азық-түлік өнімдерінің кедергісіз транзитінің мүмкіндіктерін талдауды, сондай-ақ цифрлық платформаларды өзіне кірістіреді.

«Біз жүргізген бағалау нәтижесінде ЕАЭО-да қолданыстағы логистикалық жүйелерді, көлік инфрақұрылымын, цифрлық платформаларды жетілдіру және жаңғырту маңызды екені анықталды», — деп атап өтті ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян.

Бұдан басқа, іс-шарада тараптар Комиссия мен Одақ елдерінің асыл тұқымды өнім импортын алмастыруға және асыл тұқымды мал шаруашылығының тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен жұмыс барысын талқылады. ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаменті іс-шаралар жоспарларының қажетті жобаларын дайындау, ЕАЭО асыл тұқымды мал шаруашылығында Халықаралық жануарларды есепке алу комитетінің (ICAR) ұсынымдары мен әдістемелерін енгізу жөніндегі қызмет мәселелері, үйлестіру кеңесінде ауыл шаруашылығы жануарларының геномдық селекциясының интеграцияланған жүйесін қалыптастыру туралы бастаманы қарау нәтижелері, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру, жүргізу және жаңғырту» жалпы процесін әзірлеудің жай-күйі туралы ақпарат ұсынды. ЕЭК сарапшыларының пікірінше, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру Одақ мемлекеттерінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың драйвері болады, импортқа тәуелділік дәрежесін төмендетеді, асыл тұқымды өнім өндірісінің сапасы мен тиімділігін арттырады.

Анықтама

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 7 шешімімен 2022-2025 жылдарға арналған мүше мемлекеттердің сұрыптарды сынау және тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасын біріздендіруге бағытталған шаралардың тізбесі бекітілді.

ICAR — халықаралық үкіметтік емес ұйым, ол ақпарат алмасу, оқыту және дүниежүзілік мал шаруашылығындағы мүдделі тараптардың өзара іс-қимылы үшін ашық желі болып табылады. ICAR мақсаттары сәйкестендіру, шығу тегін тіркеу, жануарлардың өнімділігін жазу, олардың генетикасын бағалау және осындай материалдарды жариялау үшін қағидалар мен стандарттарды әзірлеу арқылы жануарларды сәйкестендіру, өнімділігін есепке алу және бағалау әдістерін дамытуға және жетілдіруге, сондай-ақ өндірістік жүйелердің сипаттамаларын және олардың жануарлардың денсаулығына, күтіміне, өнімділігіне, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаға әсерін анықтауға жәрдемдесу болып табылады.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі