Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында 21 желтоқсанда бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші жағынан Индонезия Республикасы арасында Еркін сауда туралы келісімге қол қойылды.
Құжатқа: Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Наталья Петкевич, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Данияр Амангелдиев, Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ, Индонезия Республикасының Сауда министрі Буди Сантосо қол қойды.
Индонезия Республикасы – халқының саны бойынша әлемдегі төртінші ел және АСЕАН-ның ең ірі экономикасы. Қол қойылған Еркін сауда туралы келісім Одақ елдерінің Индонезиямен саудасын сапалы жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде.
Келісім жасасу бойынша жұмыс 2022 жылғы желтоқсанда басталды. Үш жыл ішінде тараптар кең ауқымды құжатты қалыптастыра алды.
Ол біздің елдеріміз үшін преференциялық экспорттық жабу құндық мәнде ағымдағы экспорттың 94%-дан астамын қамтитынын нақтылады. Сауда режімін ырықтандыру нәтижесінде Индонезияның ЕАЭО тауарларына қолданатын орташа ставкасы бес есе, 10,2%-дан 2%-ға дейін төмендейді."Қалыптасып жатқан жаңа сауда режімі шеңберінде Индонезия тарапы тауар номенклатурасының 90%-на қатысты преференциялық қолжетімділікті ашты. Одақтың жеңілдіктері әріптес үшін тауар номенклатурасының 90,5%ын жабады", – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Тауар бөлінісінде преференциялық қолжетімділік ЕАЭО-ның дәнді дақылдар (бидай, тары, қара бидай, сұлы), дәмдеуіштер, ұнның жекелеген түрлері, нан-тоқаш өнімдері, балық және ІҚМ еті, құрғақ сүт пен ірімшікті қоса, сүт өнімдері, минералды сулар және басқа да көптеген позициялар сияқты негізгі ауыл шаруашылығы тауарлары үшін қамтамасыз етіледі.
Өнеркәсіп секторы бөлігінде тауарлардың мынадай санаттары: металлургия өнеркәсібі өнімдері, мұнай өнімдері (жеңіл және өзге де дистилляттарды қоса), көмір және антрациттер, тыңайтқыштар, бастапқы нысандағы полимерлер, ағаш өнеркәсібі кешенінің өнімдері (фанера, жиһаз және т.б.), құрылыс техникасы, жабдықтардың алуан түрлері бойынша жеңілдіктер ұсынылған.
Индонезия Республикасы тұтыну тауарларының кең номенклатурасы бойынша жеткізілімдерді ұлғайта алады. Соның ішінде сөз автокомпоненттер, электроника өнімдері (тұрмыстық техника), киім мен аяқ киімнің жекелеген түрлері туралы болып отыр.
Бұл арада сөз техникалық стандарттар мен санитариялық нормалар, кедендік әкімшілендіру және тауарлардың шығу тегін анықтау қағидалары саласындағы рәсімдерді оңайлату, сондай-ақ қатысушы елдер экономикасының болашағын айқындайтын экономикалық даму бағыттарында салалық кооперация құралдарының барлық спектрін қолдану үшін құқықтық негіздерді белгілеу туралы болып отыр."Келісімнің нәтижесі тарифтерді төмендетуден әлдеқайда асып түседі. Оның маңыздылығы сонымен қатар саудадағы тосқауылдарды жоюға және оны қарапайым және дұрыс болжамды етуге арналған реттеушілік ережелер жиынтығымен айқындалады, бұл әсіресе халықаралық саудадағы болып жатқан өзгерістердің шындығына қатысты", – деп атап көрсетті Андрей Слепнев.
Қол қойылған Еркін сауда туралы келісім Индонезияға және ЕАЭО елдеріне оның күшіне енуі үшін қажетті ратификациялау рәсімдерін жүргізу үшін ұсынылатын болады."Біздің сауданың даму әлеуетін түсініп және Индонезия экономикасының айтарлықтай өсу қарқынын байқай отырып, Келісім күшіне енгеннен кейінгі алдағы 3-5 жылдың ішінде-ақ тауар айналымы екі есе артуы мүмкін деп ойлаймыз", – деп ЕЭК Сауда жөніндегі министрі сенімділік білдірді.