Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович Астанада Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушуковамен жұмыс кездесуін өткізді.
Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі бірлескен жұмысты талдады.
Құқық қолдану, соның ішінде Комиссияның бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушыларға қатысты қабылдаған шешімдерін орындауға және трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бақылау шеңберінде Қазақстанның мемлекеттік органдарынан қажетті мәліметтерді алуға байланысты тақырыптар қаралды.
Кейбір тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін бастамашыл бағалауға және оларды іріктеу критерийлеріне байланысты мәселелер талқыланды.
Өзара іс-қимыл әлеуеті туралы айта отырып, Максим Ермолович Қазақстан тарапына ЕАЭО тауарларының ортақ биржалық нарығын қалыптастыру жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді және осы бағыттағы бұдан арғы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап көрсетті.