Жаңалықтар

01.07.2021 (Обновлено: 30.12.2021 16:29)

ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің төрағалығымен Бизнес-диалог отырысы болып өтті

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кәсіпкерлік қоғамдастығы өкілдерімен бизнес-диалогтың 29-отырысы болып өтті.
«Еуразиялық бизнес-әріптестер желісі» цифрлық платформасын құру идеясын талқылау шеңберінде министр: «Комиссия ЕАЭО бизнес-қоғамдастығымен бірлесіп, соның ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып, экспортты қаржылық емес қолдаудың бірлескен шараларын қолдану мүмкіндігіне талдау жүргізді»,- деп атап өтті.

Андрей Слепнев ЕАЭО мемлекеттерінің компанияларын ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен іс-шараларды іске асыру, сондай-ақ шетелдік инфрақұрылымды бірлесіп дамыту мен пайдалану практикасын кеңейту Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында нықталғанын еске салды. Одақ мемлекеттері үкіметтері басшыларының тиісті тапсырмасы да бар.
«Бүгінгі таңда жоғарыда қойылған міндеттерді іске асыру құралы ретінде Еуразиялық интернет-платформа құру тұжырымдамасы пысықталуда»,- деп атап көрсетті ЕЭК министрі.
 Жобаның бастамашысы болып табылатын «Іскер Ресей» вице-президенті Нонна Каграманян бастаманың жан-жақтылығы туралы айтып берді.
Бүгінгі таңда әлемнің 50 елінде «Іскер Ресей» өкілдері (бизнес-әріптестері) бар, олар ресейлік экспорттаушыларға белсенді көмектеседі.

Еуразиялық бизнес-әріптестер желісін қалыптастыру идеясының түйінді міндеті ЕАЭО мемлекеттерінің шет елдердегі қазірдің өзінде бар қоғамдық ұйымдарының, мамандандырылған компанияларының, коммерциялық өкілдіктерінің өкілдерін цифрлық платформада біріктіру есебінен ЕАЭО компанияларының экспорттық өнімдері мен қызметтер көрсетуін үшінші елдер нарықтарына ілгерілету үшін қосымша сапалы механизм құру; экспортты қолдау қызметтерін көрсету кешенін алу үшін Одақ елдерінің экспорттаушы компанияларына аккредиттелген Еуразиялық кәсіби бизнес-әріптестер желісіне цифрлық платформада қол жеткізуін ұсыну болып табылады.

«Іскер Ресей»-дің бастамасын ЕАЭО мемлекеттері қоғамдық ұйымдарының өкілдері қолдады. Жобаның жай-жапсарын бірлесіп пысықтау ұсынылды.

ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті электрондық сауданы және тауарларды таңбалауды реттеу бөлімінің бастығы Илья Кабанов ЕАЭО-дағы сыртқы электрондық сауданы реттеудің негізгі тәсілдемелерін ұсынды. Биылғы 1 шілдеден бастап Одақ мемлекеттерінде пилоттық жоба бастау алады, оның шеңберінде электрондық сауда операторларының қызметін, кедендік қойма арқылы шетелдік интернет-алаңдардан тауарлар өткізуді, сондай-ақ техникалық реттеу шараларын сақтаудың хабарламалық тәртібін игерісу жоспарланып отыр.

Осымен бір мезгілде, 2025 Стратегияларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша «жол картасы» әзірленуде. Оған ЕАЭО-да өзара электрондық сауда шеңберінде тауарлардың тосқауылсыз өткізілуін қамтамасыз етуге, жалпыодақтық инфрақұрылымды қалыптастыруға, сондай-ақ жосықсыз іскерлік практикаларға қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар пакеті кірістіріледі деп бағамдалуда.

Бизнес өкілдеріне стратегиялық салаға айналатын электрондық сауданы дамыту саласында өз бастамаларын енгізу ұсынылды.

Отырыс соңында қатысушылар мүше мемлекеттердің келісілген агроөнеркәсіптік саясатының тақырыптамасын талқылады. ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Айна Құсайынова ЕЭК салалық блогының Одақтың ортақ тауар тарату желісін қалыптастыру, ғылыми-инновациялық қызмет пен білім берудегі интеграциялық процестерді тереңдету, цифрлық технологияларды пайдалану және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі қызметі туралы айтып берді. Іскерлік қоғамдастық өкілдері Одақтың агроөнеркәсіптік секторында бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға бағытталған салалық дамудың бірлескен бағдарламаларын қалыптастырудың өзектілігін атап өтті.