ЕАЭО елдерінің туризм саласындағы ынтымақтастығы экономикалық өсудің кталаизаторы бола алады
14.08.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия ресми сайтында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің 400-ден астам туристік объектісі туралы мәліметтерді кірістіретін Еуразиялық туристік маршруттар туралы тақырыптық бөлім қалыптастырады. 14 тамызда Бостеріде (Қырғызстан) өткен Қырғыз-Ресей экономикалық форумындағы "Еуразиялық туризмнің цифрлық векторы: интеграция мен өсу стратегиясы" сессиясы барысында бұл туралы ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Лусине Багратуни хабарлады.


Комиссия өкілінің сөзінше, әлемдік экономикада туризм жоғары табысты әрі серпінді дамып келе жатқан саланың бірі болып табылады. Әлемдік жалпы ұлттық өнімні 10%-ға жуығы, әлемдік инвестициялардың 7%-дан астамы туризмнің үлесіне тиеді.

"ЕАЭО елдерінің географиялық жақындығын ескере келгенде, осы саладағы ынтымақтастық экономикалық өсудің катализаторы, жұмыс орындарын құру мен кәсіпкерлікті дамытудың маңызды факторы бола алады. Біздің мемлекеттеріміз таудағы көлдер мен байтақ даладан бастап, бай тарихы бар әлемдік деңгейдегі қалалар мен мәдени орталықтарға дейінгі орасан зор рекреациялық әлеуетке ие. Бірақ бұл әлеует сұранысты болуы үшін біз ХХІ ғасырдың турисімен бір тілде — цифрлық технологиялар тілінде сөйлеуіміз керек", — деп атап көрсетті Лусине Багратуни.

Құрылатын бөлім ұлттық туристік порталдардың деректерін біріктіреді, интерактивті карталарды, ЕАЭО елдері бойынша саяхат жасаушылар үшін маршруттарды және өзекті ақпаратты ұсынады.