ЕЭК-те тауарларға арналған декларацияны және тауарларға арналған декларацияны тапсырғанға дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібін жетілдіру талқыланды

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің тауарларға арналған декларацияны және тауарларға арналған декларацияны тапсырғанға дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру қағидаларының өзгеруіне байланысты бірқатар бастамалары бейінді Консультативтік комитет жанындағы кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобының отырысында қаралды. Декларантқа тауарларға арналған декларацияда келесі мәліметтерді көрсетуді көздей отырып, кеден органына берілетін тауарды шығарған елі туралы сертификаттың түпнұсқасын ұсыну туралы міндеттеменің көшірмесіне қолмен жазу немесе артқы жағында басып шығару талабынан бас тарту ұсынылды.

Сондай-ақ бірқатар өзекті мәселелер, оның ішінде "бастапқы қаптама" ұғымын айқындаудың орындылығы, тауарларға арналған декларацияны тапсырғанға дейін тауарларды шығару туралы өтініште шығарылымның күшін жою туралы белгілерді көрсету туралы мәселелер қаралды.

Кедендік декларациялау жөніндегі жұмыс тобы 2021 жылы ЕЭК-тің Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитеттің шешімі бойынша құрылған. Оның қызмет саласына тауарларды декларациялау, соның ішінде тауарларға арналған декларацияны толтыру нысаны мен тәртібіне байланысты мәселелер кіреді.