Жаңалықтар

02.12.2021 (Обновлено: 31.03.2022 18:12)

ЕЭК Кеңесі бірқатар тауарларды таңбалау туралы шешімді өзектілендірді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалауды енгізу туралы бұрын қабылданған шешімдерге өзгерістер пакетін келісті.
«Өзгерістердің негізгі міндеті — таңбалау кодтарын өзара тануды қамтамасыз ету, ол енгізілуі мүмкін тауарлар тізбесін нақтылау, сондай-ақ бұрын қабылданған шешімдерді ЕАЭО-дағы таңбалау жүйесінің базалық моделінің ережелеріне және Комиссия Кеңесінің № 41 шешіміне сәйкес келтіру болып табылады», — деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Ол сөздің аяқ киімді, жеңіл өнеркәсіп тауарларын, шиналарды, покрышкаларды, әтірлерді, әтір суларды, фотокамераларды және сүт өнімдерін таңбалау жөніндегі шешімдер туралы болып отырғанын нақтылап өтті.

Атап айтқанда, таңбалау кодтарын өзара тануды қамтамасыз ету үшін таңбалаудың аталған кодының екінші тобының құрамына Одаққа мүше мемлекеттің осы код эмиссияланған цифрлық сәйкестендірушісі кірістіріледі.

Бұдан басқа, таңбалауға жатқызылған тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу шеңберінде:

- қоса алғанда 3 мл дейінгі көлемдегі парфюмерия өніміне таңбалау жөніндегі талаптарды қолданбауға;

- таңбалауға жатқызылған тауарлар тізбесінен велосипедтерге арналған шиналар мен жаңа пневматикалық резеңке покрышкаларды алып тастауға;

- құрамында сүт майлары және (немесе) сүт белогы жоқ балмұздақ пен десерттерді тізбеден алып тастауға шешім қабылданды.