Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕЭК Кеңесі 2026 жылдың соңына дейін натрий сульфидтері мен целлюлоза эфирлеріне кедендік әкелу бажының мөлшерлемелерін нөлге теңестірді
ЕЭК Кеңесі 2026 жылдың соңына дейін натрий сульфидтері мен целлюлоза эфирлеріне кедендік әкелу бажының мөлшерлемелерін нөлге теңестірді
01.08.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін натрий сульфидтеріне (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2830 10 000 0) және өзге де қарапайым целлюлоза эфирлеріне (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3912 39 850 0) қатысты кедендік әкелу бажының нөлдік мөлшерлемелерін белгілеу туралы шешім қабылдады.
«Натрий сульфидтері бойынша шешім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдауға бағытталған», – деп атап өтті ЕЭК сауда блогында. Целлюлоза эфирлері негізінен көптеген өнімдер мен өнеркәсіп салаларында суды байланыстыратын және қоюландыратын негізгі ингредиент ретінде пайдаланылады, атап айтқанда: тұрмыстық тазалау құралдары, майлау материалдары, фармацевтикалық құрамдар, құрылыс материалдары, желімдер, бояу өнімдері, мұнай-газ өнеркәсібі және т. б.
Кедендік-тарифтік реттеудің тиісті шараларын енгізу дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және оның ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Шешімдер ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.