ЕЭК Кеңесінің шешімімен мемлекеттік сатып алу мақсаты үшін Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына маңызды өзгерістер енгізілді. СТ-1 сертификаты (2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Тауарлардың шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес беріледі) негізінде мемлекеттік сатып алу мақсаты үшін Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне кірістірілетін тауарлар тізбесі тағы 81 тауар түрімен толықтырылды.
Бұған люстралар, үтіктер, микротолқынды пештер, кофе немесе шай дайындауға арналған электр приборлары, матрастар, электр су жылытқылары, шаңсорғыштар, шлагбаумдар, микроскоптар және басқалар жатады.
ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Бақыт Сұлтановтың сөзінше, енді бұл тауарларды Еуразиялық тізілімге кірістіру үшін өндіруші тауарлардың шығарылған жерінің СТ-1 сертификатын ұсына алады. "Бүгін қабылданған толықтырулар кәсіпкерлер үшін Еуразиялық тізілімге кірістіру рәсімін елеулі түрде жеңілдетеді, осы тауарлардың әлеуметтік маңыздылығын ескере келгенде, бұл айрықша маңызды",- деп атап өтті ЕЭК министрі.
Бұдан өзге, Кеңес шешімімен СТ-1 сертификаты негізінде Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне кірістіру мүмкіндігінің мерзімі арнаулы техниканың сегіз позициясы үшін 2023 жылғы 30 маусымға дейін, троллейбустар үшін – 2023 жылдың аяғына дейін, жеңіл өнеркәсіп тауарлары мен қағаз үшін - 2024 жылдың аяғына дейін ұзартылды.