Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО елдеріндегі қатты бидай нарығының теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін ықтимал шараларды талқылады
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО елдеріндегі қатты бидай нарығының теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін ықтимал шараларды талқылады
28.11.2023
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ елдері қабылдайтын экспортты реттеу шараларын жақындастыру және ішкі нарықтың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс аясында қатты бидай нарығының теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін ықтимал қадамдарды қарастырды.
Қазіргі уақытта мүше мемлекеттердің қатты бидайды әкетуге қатысты тарифтік емес реттеу шараларын енгізуі туралы мәселе талқылануда.
«Сарапшылардың бағалауы бойынша ағымдағы жылы ауыл шаруашылық саласында қатты бидайдың әлемдік өндірісі шамамен 8%-ға төмендеуі мүмкін, бұл нарықта тапшылық қаупін тудырып, азық-түлік өнімдерінің әлеуметтік маңызды түрлеріне жататын макарон өнімдерінің бағасының өсуіне әкеп соғуы мүмкін. Ресей бидайын Одақтың басқа елдеріне ішкі тұтыну үшін қажетті көлемде жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында ЕЭК Кеңесі тиісті тапсырма қабылдады», – деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.