Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕЭК Кеңесі жаңа кооперациялық жобаны және оны іске асыруға ЕАЭО бюджетінен субсиядия беруді мақұлдады
ЕЭК Кеңесі жаңа кооперациялық жобаны және оны іске асыруға ЕАЭО бюджетінен субсиядия беруді мақұлдады
19.11.2025
Жоба бойынша өтініш беруші "Сбербанк" ЖарАҚ (Ресей) болып табылады. Жобаны дайын өнім өндіруге арналған жиынтықтауыштарды Беларусь пен Қазақстаннан жеткізетін кәсіпорындардың қатысуымен Қорған жол машиналары зауыты іске асыруда.
"Жоба шеңберінде қосылған құн тізбегі қалыптасады, ұзақ мерзімді орнықты экономикалық байланыстар түзіледі және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындары құрылады", – деп атап өтті Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян.
Жобаны іске асыру Қорған зауытының жаңа өндірістік алаңында бірлескен өндірістің кешенді жол машиналары (КЖМ) мен қоқыс таситын көліктердің өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2029 жылға қарай жылына кемінде 530 бірлік өнім өндіретін көлемде КЖМ жабдықтарын сериялық шығаруды ұйымдастыру жоспарда тұр.
ЕАЭО елдерінің өндірушілерін қаржылық қолдау механизмі ЕАЭО бюджетінен бірлескен жобаларды іске асыруға қаржы ұйымдары беретін кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды көздейді.
"Механизмге қатысу кәсіпорынға кредиттеу мөлшерлемесін 23%-дан 6,5%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі.