ЕЭК Кеңесі екі жаңа кооперациялық жобаны субсидиялауды мақұлдады
05.12.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру механизмі шеңберінде екі жаңа жобаны іске асыруға Еуразиялық экономикалық одақтың бюджетінен субсидиялар беруді мақұлдады.
ЕАЭО өндірушілерін қаржылық қолдау механизмі Одақ бюджетінен бірлескен жобаларды іске асыруға қаржы ұйымдары беретін кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды көздейді. ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары бизнес үшін бұрын-соңды болмаған жағдайды — мүше мемлекеттің орталық (ұлттық) банкінің түйінді мөлшерлемесінің 100%-ы мөлшеріндегі өтемақыны мақұлдады.
Жобалардың бірін ресейлік "Бештау Электроникс" компаниясы Беларусьтың "Неро Электроникс" ЖШҚ және Қырғызстанның "Қырғызэлектроника" ЖШҚ бірлесіп іске асырады және дербес компьютерлердің жүйелік блоктарын өндіруге бағытталған.
Екінші жоба шеңберінде Арменияның "Металлстрой" ЖШҚ және Беларусьтың "Рухсервомотор" ЖШҚ әріптестерімен ынтымақтастықта "Вояж" ҮЕҰ Ресей Федерациясының аумағында жоғары жылдамдықты пойыздарды қоса, теміржол көлігіне арналған құрауыштардың жоғары технологиялық өндірісін іске қосады.
Екі жоба да Кооперациялық жобаларды іріктеу туралы ережеде көзделген қажетті критерийлерге толық сәйкес келеді.
"Комиссия Кеңесінің шешімі біз үшін өте маңызды. Бұл жаңа ұлтүсті қаржыландыру құралын іске асыру жөніндегі жұмысымыздың өскелең қорытындысы. Осы жылдың өзінде мақұлданған үш жобаға тағы екеуі қосылды. Жобаларға барлық мүше мемлекеттің қатысуы маңызды. Қабылданған бастамаларды іске асыру басты міндетті шешуге – елдеріміз арасындағы орнықты экономикалық байланысты қалыптастыруға ықпал ететініне сенімдімін", – деп атап өтті Гоар Барсегян.
ЕАЭО өндірушілерін қаржылық қолдау механизмі Одақ бюджетінен бірлескен жобаларды іске асыруға қаржы ұйымдары беретін кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды көздейді. ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары бизнес үшін бұрын-соңды болмаған жағдайды — мүше мемлекеттің орталық (ұлттық) банкінің түйінді мөлшерлемесінің 100%-ы мөлшеріндегі өтемақыны мақұлдады.
Бүгінгі таңда ЕЭК-ке субсидия алуға жалпы құны шамамен 17 млрд Ресей рублін құрайтын 16 өтінім түсті, олардың: 13-і Ресейден, екеуі Қазақстаннан және біреуі Қырғызстаннан. Бес жоба мақұлданды. Басқа өтінімдер қараудың әртүрлі сатысында тұр.