Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕЭК Кеңесі 2026 жылдың соңына дейін жеңіл өнеркәсіп тауарларының кейбір түріне кедендік әкелу бажының ставкасын ұлғайтуды мақұлдады
ЕЭК Кеңесі 2026 жылдың соңына дейін жеңіл өнеркәсіп тауарларының кейбір түріне кедендік әкелу бажының ставкасын ұлғайтуды мақұлдады
02.06.2025
ЕЭК Кеңесі 2026 жылдың соңына дейін жеңіл өнеркәсіп тауарларының кейбір түріне кедендік әкелу бажының ставкасын ұлғайтуды мақұлдады
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі қоса алғанда 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта "мақта-қағаз иірілген жібінен жасалған өзге де төсек-орын жабдықтарына" (ЕАЭО СЭҚ ТН 6302 21 000 0 коды) қатысты 1 кг үшін 12%-ға дейін, бірақ 0,44 еуродан кем болмайтын кедендік әкелу бажының ставкасын арттыру туралы шешім қабылдады.
"Төсек-орын жабдығын өндіруге арналған иірілген жіптің бізге негізінен үшінші елдерден түсетінін ескере келгенде, кедендік-тарифтік реттеудің қабылданған шарасы отандық кәсіпорындарды қосымша қолдауға мүмкіндік береді", — деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.
Бұл ретте ол ЕАЭО елдерінің өндірушілері өз сипаттамалары бойынша импорттық төсек-орын жабдықтарынан кем түспейтін өнімдер шығаратынын және кең ассортиментті ұсынатынын атап өтті.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.