Жаңалықтар

02.12.2021 (Обновлено: 31.03.2022 18:14)

ЕЭК Кеңесі бәсекелестік қағидаларын бұзушылықты жою үшін алдын ала ескерту беру рәсімін айқындады

2 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі бәсекелестік қағидаларын бұзушылық белгілерін жою қажеттігі туралы Еуразиялық экономикалық комиссия актілерін дайындау, беру және жіберу рәсімін айқындады. Алдын ала ескерту — монополияға қарсы реттеудегі «жұмсақ құқық» құралдарының бірі, оларды Комиссия ЕАЭО-ның трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестік қағидаларын бұзушылық белгілерін жою үшін белсенді пайдаланады. Алдын алу шарасы ретіндегі алдын ала ескерту бәсекелестіктің тең жағдайларын қалпына келтіреді, бизнес үшін уақытты, қаржы және еңбек ресурстарын үнемдейді.

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиевтың сөзінше, «жұмсақ құқық» құралдарын қолдану бизнеске айыппұл санкцияларынан аулақ болу және көзге түсерлік беделдік тәуекелдерге тап болмау мүмкіндігін береді.

«Бизнеске қолдау көрсетіп, «бір жұтым таза ауа» беріп, жасаған бұзушылығы үшін жазалауға ұмтылмай, жұмсақ реттеу құралын қолдана келіп, озыңқы отыруды іске қосқан маңызды. Біз кәсіпкерге бәсекелестік қағидаларын бұзушылық белгілерін, сондай-ақ олардың пайда болу себептері мен жағдайларын өз бетінше жоюды ұсынамыз», — деп түсіндірме берді Арман Шаққалиев.

Алайда алдын ала ескерту әрдайым беріле бермеуі мүмкін. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тыйым салынған келісімдердің белгілері анықталған немесе тауардың монополиялық жоғары немесе монополиялық төмен бағасын белгілеуден көрініс тапқан үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі анықталған жағдайларға қатысты. Бұдан бөлек, егер нарық субъектісінің іс-әрекеттерінде бұзушылық белгілері анықталған болса, олар бойынша соңғы екі жылда алдын ала ескерту берілген не істі қарау қорытындылары бойынша шешім қабылданған болса, алдын ала ескерту берілмейді.